Қылмыс

Бір ай бұрын жоғалған Пески селосының тұрғыны табылды

Кейін, жәбірленушінің 1988 жылғы Пески селосының тұрғыны екені анықталды. Келіншек мамыр айының соңына таман із-түссіз жоғалып кеткен. Сол уақыттан аталмыш факт бойынша құқық қорғау органдары іздеу жұмыстарын доғармаған. Жақындары әйелдің тірі екенінен үміттерін үзбеген екен. Су бетіне қалқып шыққан мүрдеге қарап полиция қызметкерлері зорлық-зомбылықпен өлтірілгенін анықтады. Мәйіт табылысымен аса ауыр қылмысқа қатысы бар деген күдікпен марқұмның бұрынғы жұбайы қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары барысында ол өз кінәсін толығымен мойындады. Айтуынша, мамырдың 26-на қараған түні араларында кезекті жанжал шығып, бұрынғы әйелін өлімші етіп сабап тастаған. Кейін мәйітке тас байлап, өзенге лақтырып жіберіпті. 2015 жылы ажырасқан жұбайлардың кәмелет жасқа толмаған 2 баласы қалды.