Спорт

Петропавлдық “Қызыл-Жар СҚ” ФК сырт алаңда семейлік “Алтаймен” тең ойнады

Мачтағы алғашқы гол небәрі 2-ші минутта соғылды. Допты ең алдымен теріскейліктердің қақпасына шығысқазақстандық футболшы Андрей Карпович дарытты. Жерлестеріміз есепті тек 96-шы минутта теңестірді. Кездесудің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда айып добын сауатты орындағын Сергей Струков гол авторы атанды. Сонымен тартысты ойында командалар тең түсті. Енді қоржынында 26 ұпайы бар “Кызыл-Жар СК ФК турнирлік кестеде 2-ші орында келеді. Солтүстікқазақстандық ұжым келесі кездесуін 17-ші шілде күні “Қарасай” стадионында өткізеді. Бұл жолы Петропавлға елордалық “Бәйтеректің” жігіттері қонаққа келеді.

 

Култанов Байболат