Денсаулық сақтау

Петропавлда 6-шы шілде күні 14 сәби дүниеге келді

Айымгүл Тасымова – жас ана, Қызылжар ауданы:

-6-сы күні түңгі сағат 2 жарымда ауырып осында келдім. Түскі сағат бір жарымда ұл тудым. Бұған дейін екі қызым болатын. Бұл жанұядағы көптен күткен ұлымыз. Нәрестем Астана күні мен Ораза айтында туылған ұл болды. Өте қуаныштымын.

Айымгүл Тасымова әлі сәбиіне ат қоймапты. Жас ананың туған-туыстары нәрестенің есімін Елбасына ұқсатып атауға кеңес берген.

Айымгүл Тасымова – жас ана, Қызылжар ауданы:

-Анам Айсұлтан деп қойындар дейт. Рамазан айы болғандықтан Рамазан қойыңдар дейтіндер бар. Мүмкін Нұрсұлтан қоярмыз. Ауруханадан шыққаннан соң атын жолдасым екеуміз ақылдасып қоямыз.

Еліміздің бас шаһары Астананың туған күні облыстық перинаталдық орталықтың босану бөлімінде 14 сәби дүниеге келген. Оның 6-ауы ер, 8-і қыз бала. Бұл жас аналарды 3 акушер-гинеколог дәрігер босандырыпты.

Айгерім Садықова – Облыстық перинаталдық орталықтың босану бөлімінің акушер-гинеколог дәрігері:

-Бұл күн әдеттегідей қарбаласпен өтті. Әйелдер Елбасымыздың туған күні болғандықтан ерекше көңіл-күймен босанды. 14 әйел өмірге сәби әкелді. Оның екеуін кесерь тілігі арқылы босандырдық.

Айта кеткен жөн, облыстық перинаталдық орталықтың босану бөлімінде бір тәулікте шамамен 25 сәбиге дейін дүниеге келеді. Жалпы, жыл басынан бері теріскейде 3609 бала өмір есгін ашыпты.

 

 

Култанов Байболат