Қоғам

Пестрое көлі маңында Астана күніне орай концерттік бағдарлама өтті

Айнара Хамзина – қала тұрғыны:

-Бүгінгі кеш өте көңілді өтуде. Барлық қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтаймын. Аспанымыз ашық болсын. Елбасымыз ұзақ өмір сүрсін. Бейбіт өмір сүре берейік.

Бас қаламыздың төл мерекесіне ұйымдастырылған кешкілік бағдарлама қала тұрғындарының көңілінен шықты.

-Бүгінгі өтіп жатқан мейрамымыз жақсы өтіп жатыр.Осындай мейрамдар бола берсін. Солардың қызық қуанышын ғана көре берейік.

-Жалпы, барша қазақстандықтарды, петропавлдықтарды бүгінгі өтіп жатқан атаулы күнмен құттықтаймын. Бүгін жылдағыдан халық көбірек. Көңіл-күй тамаша.

Екі сағатқа созылған мерекелік шара кереметтей от шашуға ұласты.

 

 

Тогжан Акмагамбетова