МТРА жаңалықтары

Астана күнінде Ақжар ауданынада бірнеше әлеуметтік нысандардың таспасы қиылды

Серікпай Тұралинов – Ақжар ауданының әкімі:

-Елордасы Астана күні баршамызға құтты болсын. Мереке күні ауданымызда бірқатар әлеуметтік нысандар ашылып жатыр. Бұл игі іс.

Сондай-ақ, бұл күні аудан орталығы Талшықта бірнеше нысанның таспасы қиылды. “Ақ жол” ЖК-нің жетекшісі Руслан Махмедов ата кәсіпті бұрыннан қолға алған. Мереке күні іскер азамат жаңа мал соятын қосынды іске қосты. Бұны ол өз қаражатына тұрғызыпты.

Руслан Махмедов – “Ақ жол” ЖК директоры, Ақжар ауданы:

-Мал сою орнында өзіміздің дәрігеріміз бар. Ол төрт-түлікті тексеріп, арнайы құжатын береді.

Ақжар ауданында жеке кәсіпті қолға алып, өз ісін өрге домалатып отырған жандар жетерлік. Мәселен, Бибігүл Хасенова “Жақсы” ЖК жетекшілік етеді. Енді нәзік жанды елдімекен тұрғындарына сапалы әрі арзан бағаға азық-түлік сатпақ.

Бибігүл Хасенова – “Жақсы” ЖК директоры, Ақжар ауданы:

-Алдағы уақытта жоспарым ауқымды. Кәсібімді кеңейтемін деген ниеттемін.

Бибігүл Хасенова болашақта мемлекеттік бағдарламаға арқылы несие алып, кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр. Мереке күні пайдалануға берілген тағы бір нысан – дәріхана. Бұны іскер азаматша Нұрлығайын Байгереева жеке қаражатына салыпты. Елді мекен тұрғындары әлеуметтік нысандардың көптеп ашылып жатқанына қуанышты.

Серғазы Жұмабаев – зейнеткер, Ақжар ауданы:

-Аудан экономикасы дамып келеді. Міне, дәріхана, дүкен, мал соятын орын ашылды. Бұл тұрғындар үшін өте қолайлы.

Жаңадан ашылған шағын және орта бизнес нысандары алдағы уақытта аудан экономикасының қарқынды дамуына тың серпін бермек.