Құқық қорғау органдары

Астана күні өңір полицейлері күшейтілген түрде жұмыс істеді

Қорытындысында, көлікті масаң күйінде тізгіндеген 7 жүргізуші ұсталды. Ал жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына байланысты 80-нен артық факт тіркелген. Қоғамдық орындарда спирттік ішімдік ішкен 21 жасқа толмағандар тарапынан жасалған құқықбұзушылықтар бойынша 36 әкімшілік хаттама толтырылды.
Бұдан бөлек, 14 адам уақытша бейімдеу бөлімшесіне жеткізілген.