Спорт

Рио де Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына 3 солтүстікқазақстандық велошабандоз қатыспақ

Енді аталмыш халықаралық додаға лицензия ұтып алған Алексей Луценко мен Артем Захаровтардың қатарына Бахтияр Қожататев та қосылды. Петропавл веломектебінің тәрбиеленушісі спорттық өмірінің 24 жылында көптеген жетістікке жеткен. Мәселен, “Ең үздік тау жарысушысы-2012” номинациясының жеңімпазы атанып, “Тур де Азербайджан – 2013тің” қола жүлдесін ұтып алған. Ал жақында Бахтияр мансабыныдағы маңызды Гранд-турдың алғашқысын жүріп өтіп, “Астана” командасының капитаны Винченцо Нибалидің көпкүндік “Джиро де Италия – 2016” сынындағы жеңісіне өз үлесін қосты.

Айгерим Ержанова