МТРА жаңалықтары

Өзге конфессия өкілдері “Ораза айт” мерекесімен құттықтады

Православ және католик сеніміндегілердің атынан келген құрметті меймандар мейірім мен шуақ шашқан Ораза айтының маңызына тоқталып өтті.

Владимир, Петропавл және Булаев епархиясының еспископы:

– Бүгін барлық мұсылман қауымы үшін ерекше күн. Үлкен мереке. Әр жыл сайын жер бетіндегі бүкіл мұсылмандар осы мейрамды ерекше көңілмен мерекелеп келеді. Барша елімізге тыныштық, халқымызға татулық тілеймін.

Томаш Якубчак, «Святая Троица» рим-католик приходының настоятелi:

– Мереке күні қай дінде болсын ғибадат ету ғимаратына барған адам үйіне мінезі жаңарған, өзгерген, шүкіршілігі артқан күйінде оралады. Себебі діни мереке күні құдайға құлшылық етіп, дұға оқыған адамның ырысы артады. Барлық мұсылман қауымына бүгінгі меркеде тек бақ қонсын деп тілеймін.