Қоғам

Шілденің 1-нен 2-не қараған түн – Қадір түні

Оның ішінде мың айдан да артық Қадір түнінің орны бөлек. Бұл түні жер бетіне періштелер түсіп, шын ниетпен тілек тілегендер Алланың шапағатына бөленеді делінген. Қадірлі түнді қарсы алуға қаламызға арнайы Түркия мемлекетінен 2 қари келіпті. Қонақтар жұртшылыққа арнап құран сүрелерін оқымақ. Айту керек, бүгінгі түні мешітте Қадір түнін қарсы алуға келген 2000-нан аса жамағатқа ауыз ашар дәмі берілмек.

Азамат Сәрсенов, “Қызылжар” орталық мешітінің наиб имамы:

– Қадір түнінде ұйықтамаудан бөлек, мақсат – теледидар көріп, компьютерде отыру емес. Керісінше құлшылықта болу, дұға тілекте болу. Әрбір адам баласы бұл түнді қадір тұтып, соның сауабына үміт етіп, құлшылықпен өткізетін болса, оның алла тағалы бұрынғы күнәләрін кешіреді.

Серік Мырзаев қаламызға Алматы қаласынан келген мейман. 53 жастағы азамат өмірінің кейінгі 18 жылында намаз оқып, құдайға құлшылық етіп келеді. Жыл сайын ауыз бекітуді де дәстүрге айналдырған.

Серік Мырзаев, Алматы қаласының тұрғыны:

– Пенде болғаннан кейін, алланы мойындауымыз керек.Абай атамыздың керемет әдемі сөзі бар. Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөздер ешқашанда жалған болмас. Сол себепті мұсылман үмбеті болғандықтан алланың берген шапағатын рақымды күндерін пайдалу керекпіз.Құлшылығымызды арттыруымыз керек

Қадір түнінде рухани дүниемізді байытатын діни кітаптар оқып, діни сауаттылығымызды арттыруға бағытталатын бейнефильмдер мен бағдарламаларды көрумен өткізуге де болады. Түні бойы дастархан жайып қою шарт емес. Түннің барлығын ғибадатпен өткізе алмайтын кісілер, тым болмаса, түннің бір бөлігін құлшылықпен, ізгі амалдармен өткізуіне болады.

Тоғжан Ақмағамбетова