МТРА жаңалықтары

ҚР ҰҰ Әскери институты ұжымы БАҚ өкілдерін құттықтады

Журналистер – өңірдегі жалғыз әскери оқу орнына жас курсанттардың келіп түсуінен, лейтенант шенін алып шыққанға дейінгі аралықтағы түрлі шаралардан облыс тұрғындарын хабардар етуде. Мақтау қағазына ие болғандардың арасында муницпалдық телеарнаның бірнеше тілшісі бар. Солардың бірі Ксения Куценко оқу орнында өткен шаралардың басы қасында болып, бірнеше сюжетті жарыққа шығарған. Айту керек, бұл күні әскери институттың байланыс аппараты взводының да бірнеше қызметкерінің еңбегі еленді.

Ксения Куценко, МТРА тілшісі:

– Курсанттардың қатысуымен өтетін спорттық, мәдени және әскери шараларды келіп түсіреміз. Соңғы рет бірінші мамырда өткізілген салтанатты жиынға келгенмін. Бүгін бізді төл мерекемізбен құттықтап жатыр. Алғысым шексіз».

Ақбөпе Тәңірберген, МТРА тілшісі:

– Марапатқа ие болғаныма қуаныштымн. Көп рахмет.

Ақбөпе Тәңірберген