МТРА жаңалықтары

Скайп арқылы азаматтарды қабылдау

-Мемлекеттік қызметкерлер арасында аттестация өткізу жоспарда бар ма? Өткізілсе, қашан?

Мамлютка ауданынан хабарласқан Аида Какимова есімді азаматшаның сұрағына тікелей ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев жауап беруде.

-Иә, аттестация жоспар бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді деп отырмыз. Тест сұхбаттасу түрінде өткізілетіні әлі қаралу үстінде.

Мемлекеттік қызметке еңбек өтілісіз орналасуға бола ма? Аталмыш салада еңбек ету үшін жәке кәсіпкерлікті жабу керек пе? Біліктілікті қайда арттыруға болады? Сұрақтардың дені осы сарында. Хабарласушылардың көбі аудан орталықтарынан болды. Скайп арқылы азаматтарды қабылдау жайлы олар интернеттен оқып білген.

Ғалым Тұрсынбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

-Азаматтармен, қоғамдық ұйымдармен жұмыс барысында әсіресе ауыл тұрғындары тарапында көптеген қиыншылықтарды байқадық. Сондықтан осындай жобаны қолға алдық.

Бүгін бір сағаттың ішінде 20 солтүстікқазақстандық көкейдегі сауалдарын жолдап, қонымды жауаптарын жылдам ала-алды.

 

 

 

Акбопе Танирберген