Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкімі Ерік Сұлтанов тұрғындарды қабылдады

Валентина Попова – тыл еңбеккері.

– Мен «Северный Казахстан» және «Казахстанская Правда» газеттерін күнделікті оқып отырамын. Әркез басылым беттеріндегі барлық материалдармен танысуға тырысамын. Онда Елбасының еліміздегі атқарып жатқан көптеген шаруалары жайында жазылады. Оның үстіне көшбасшымыздың саясатын қолдап отырған, облыс әкімі сіздің де атқарып жатқан істеріңіз жайында ақпарлар жетерлік. Ол үшін сізге үлкен алғысымды білдіремін. Бірлесіп, жұдырықтай жұмылсақ ғана нәтиже шығады. Сондықтан болашақта сіз Президентіміздің артқан үмітін абыроймен ақтайды деп сенемін.

Ивант Вильверт Қызылжар ауданына қарасты Асаново селосының тұрғыны. Бүгінде ол «Кулманова» шаруа қожалығына жетекшілік етеді. 40-тан астам мал басын өсіріп отырған азамат, облыс әкімінен ауылшарушалығына пайдаланатын егістік алаңын ұлғайтуға көмектесуін өтінді.

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Қызылжар ауданында жерді тиімсіз пайдаланып жүргендер көп. Болашақта біз оларда жер телімдерін алатын боламыз. Сосын наурыз айында конкурс жарияламақ ойымыз бар. Қатысыңыз. Біз сіз секілді азматтарды қолдаймыз.

Ал Шамиль Жұмабаев болса, Барки кентінде балабақша ашуды жоспарлап отыр. Ерік Сұлтанов жеке кәсіпкердің мәселесін бақылауға алды.

Ерік Сұлтанов – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

– Сіз жоспарыңызды дайындаңыз. Мен бұл мәселерге қатысты айына бір рет жиналыс өткіземін. Сонда сіздің осы өтінішіңізді қарастыратын боламыз.

Жалпы қоғамдық қабылдауда Ерік Сұлтанов 6 азаматтың мұң- мұқтажын тыңдады. Олардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесіне қатысты болды.

 

Джакупов Самат.