Аптадағы маңызды жаңалықтар

БҚО өңірімізге бизнес делегация келді

Ерік Сұлтанов – СҚО әкімі:

-Петропавлда мұнай-газ конструктор бюросы бар. Осы күнге дейін онда 300-ге жуық жоба әзірленген. Сол себепті бізге сіздердің сатып алу тәрітіптеріңізді түсіну маңызды. Квалификация жасап, сіздерден тапсырыс алу керек. Бұдан бөлек, біздің өңірде машина жасауда қарқын алуда. Енді оны сіздермен әріптестік орнатып одан әрі дамыта түсуіміз керек. Бұл екі аймаққа да тиімді.

Солтүстікқазақстандықтардың тәжірибесінде Тенгизшевроил мен Қазмұнайгаз сынды үлкен компаниялармен бірлесе атқарған жобалар баршылық. Ал Батыс өңірінен келген меймандармен іскерлік әріптестік орнату Солтүстікқазақстандықтарға жаңа мүмкіндіктер бермек.

Марат Кәрімов – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясы директорының орынбасары:

-Бұл келісім қос тарапқа да тиімді болмақ. Біз сіздердің машина жасау зауыттарыңызды көрдік. Енді Батыс пен Солтүстік өңірлер жақсы әріптестік қатынаста болады деген сенімдемін.

Жиын барысында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясының бас директоры Ренато Мароли әріптестіктің мүмкіндіктері жайлы әңгіме өрбітті. Өңір басшысын өзі басқарып отырған кәсіпорынның мүмкіндіктерін көруге шақырды. Осылайша, екі жақты келісім орнап, әріптестік туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында меймандар облыс әкіміне естелік сыйлықтарын берісіп, тарқасты.

 

 

 

Айгерим Ержанова