МТРА жаңалықтары

БҚО-нан келген делегация қаладағы кәсіпорындарды аралады

Николай Васильев – “ПАМЖЗ” АҚ директорының дамыту жөніндегі орынбасары:

-Бізде қазір көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Оның бірін 2015-ші жылы іске қостық. Ол энергетикалық қазандық қондырғысы. Сондай-ақ, жаңа қондырғымен дәнекерлеу технологиясын меңгеруде бірқатар жұмыстар атқарылды. 2010-шы жылдан бастап өндірістегі жаңғыртуға 2,5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсадық.

Меймандарды өндіріс ошағымен бас директоры Қуаныш Бишімов таныстыруда. Бүгінде зауытқа лизинг бойынша мемлекеттен үлкен қолдау бар. Осының арқасында бәсекелестікке қабілетті болу үшін замануаи қайта өңдеу орталығын сатып алған.

Қарашығанақ қайта өңдеу кешені құны 7,5 млрд АҚШ долларын құрайтын жаңғыртудың үшінші сатысын өткізуді жоспарлап отыр екен. Сол себепті компания өз талаптары бойынша мұнай-газ саласына қажетті қондырғыларды жасайтын кәсіпорындармен әріптестік орнатуды көздеуде.

Ренато Мароли – «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В» компаниясының бас директоры:

-Біз 6 ай бұрын жергілікті кәсіпорындармен таныса бастадық. Мұнда алғаш рет келіп отырмыз. Көрдік, байқадық. Көптеген агрегаттар қызығушылығымызды тудырды. Кәсіпорын бізге қажетті ребойлер, тоңазытқыштар, жылу алмастырғыш қондырғылар шығарады. Енді бағасы жағынан келіссек, әріптестік орнатуға дайынбыз.

Өңірге іс-сапармен келген «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясының өкілдері облыс орталығындағы тағы бірқатар кәсіпорындарды аралап, қуаттылықтарын көрмек ниетте.

 

 

 

Риат Шони