МТРА жаңалықтары

“Молсервис” ЖШС құрылғанына 25 жыл

25 жылдың ішінде еңсесін тіктеген өндіріс ошағы бүгінде ел нарығында ойып тұрып өз орнын алды. Қазіргі таңда серіктестіктің 5 цехы бар. Машина паркінде 35-тен астам көлік бар. Бірақ ең басты құндылық мына сүт цехында.

Өңірдің 5 ауданынан әкелген сүтті зауытта қайта өңдеп өнімнің 13 түрін шығарады. Жыл басынан мұндағылар 2,5 мың тоннадан астам тауарды өндіріп үлгерген.

Сергей Чепурко – “Молсервис” ЖШС директоры:

– Кәсіпорында сүттің 5, қышқыл сүттің 8 түрін шығарамыз. Облыс бойынша өнімді саудалайтын 400-ге жуық сауда нүктеміз бар. Жаз айы жұмыстың нағыз қызған шағы. Шикізат жеткілікті.

“Молсервис” ЖШС қызметкерлеріне деген көңіл ерекше. Кәсіпорынның өзінде медициналық кабинеттер бар. Мұнда жұмысшылардың денсаулығын медбикелер үнемі қадағалап отырады. Сондай-ақ, 50 пайыздық жеңілдікпен түскі ас ішітен асхана да бар. Владимир Пивоваренконың кәсіпорында қырнаушы болып еңбек етіп жүргеніне 25 жыл. Айтуынша, зауытта жұмыс істеу жеңіл, әрі жалақы уақытылы беріліп тұрады.

Владимир Пивоваренко – “Молсервис” ЖШС қырнаушысы:

– Мен мұнда жұмысқа тұрған кезде жалғыз цех болған. Станоктардың барлығы далада орналасқан. Кейін біртіндеп өзге де цехтар салынып, жұмысымыз жеңілдей түсті. Жалақы уақытылы беріледі. Еңбек демалысына шыққанда санаторлы жалақы беріледі.

Жалпы “Молсервис” ЖШС-де өндірілген өнімдер еліміздің 4 облысында саудаланады. Тауардың ең көп бөлігін 50 пайызын Петропавл қаласының тұрғындары тұтынады екен.

 

Риат Шони