Қылмыс

Петропавлда кәсіпкер әйел 80 грамм героинмен ұсталды

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 80 грмды құрайды. Бұл шамамен 400 доза. Демек қаскөйлер соншама адамды еліктіргіш затқа еріксіз тәуелді ете алар еді.

Әлихан Байқадамов – СҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:

– Ұсталған сәтте күдіктіден ұнтақ салынған орама табылды. Әлгі затты біз сараптамаға жіберіп, оның героин екенін анықтадық. Салмағы 80 граммға жуық. Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп, сыбайластарының бар-жоғы анықталып жатыр.

Полиция өкілдерінің пайымдауынша, ұсталған азаматша героинді Петропавлдағы базарлардың бірінен алған. Себебі күдіктінің тұрақты жұмыс орны сол жерде, яғни ол сауда нүктесінде киім сатумен айналысқан екен. Егер қылмысы дәлелденсе, нәзік жанды 10 нан15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Берик Касен