МТРА жаңалықтары

Петропавлда 8 адам темір жол бойында көз жұмған

Жыл басынан Петропавлда осы сында 10 оқиға орын алып, оның сегізі адам өлімімен аяқталды. Мұндай оқиғаның алдын алу мақсатында көліктегі темір жол сақшылары станциядан өткен әр поезға кіріп жолаушыларға қауіпсіздік шараларын ескертіп отырады.

Сондай-ақ, жыл басынан темір жол маңында 1768 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Басым бөлігі қоғамдық орында ішімдік ішіп, шылым шегу фактілері. Сондай-ақ, кәмелет жасқа томағандардың түңгі уақытта вокзал маңында жүруі де жиі кездеседі.

Серікбай Омаров, Көліктегі ІІБ-нің жолаушылар поездарына ілесіп жүру батальонының аға инспекторы:

 

-Темір жолда кезекішліктер атқарып, рейд өткіземіз. Келеңсіздіктердің алдын алып, санын азайтуды көздейміз.

Көліктегі темір жол полциясы өткізіп отырған шара аусымның 30-ына дейін жалғаспақ.