МТРА жаңалықтары

Акция басталғалы бері Қызылжар ауданында жалпы құны 109,7 млн теңгенің мүлкі заңдастырылды

Біразы тұрғын үйден бастап, дүкен, дәмхана, техникалық қызмет көрсету станциясларын заңдастырған. Енді бірінің жеке иелігінде трансформаторлық қосалқы станциясы бар екен. Ғимараттарды жыл соңына дейін тегін жария етуге болады. Қызылжар ауданының тұрғындары мұндай мүмкіндікті тиімді пайдаланып қалу керек дейді.

-Қазіпр үйді заңдастыру үшін құжаттар жинап жатырмыз.

-Кейбір адамның иелігінде бірнеше нысан бар. Оны заң тәртібі бойынша заңдастырған дұрыс. Менің атымда пәтер мен гараж бар. Нысандарды заңдастырдым.

Қызылжар аудандық әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссия 23 өтінішті кері қайтарыпты. Онда нысандар құрылыс нормаларына сай болмаған және ғимараттар тиісті жер учаскесінде орналастырылмаған.

Болат Қажымұрат – Қызылжар аудандық әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету жөніндегі комиссияның хатшысы:

 

-Бүгінде комиссияға жалпы сомасы 126 млн 611 мың теңгенің 42 өтініші келіп түсті. Көбіне өтініштер Бескөл ауылына жақын орналасқан елді-мекен тұрғындарынан түсіп жатыр. Ал аудан орталығынан алыста орналасқан ауылдың тұрғындары онша белсенділік танытып жатқан жоқ.

Қызылжар ауданында бар-жоғы 19 өтініш қанағаттандырылыпты. Заңдастырылған дүние-мүліктердің құны 109 млн 770 мың теңгені құрайды.


Берік Қасен