Мәдениет

“Әлқиса” және “Туған жер” ансамблдері бірлесіп әзірлеген бағдарламаларын халықаралық байқауда ұсынбақшы

«Туған жер» және «Әлқиса» ансамблдері осы қойылымдарын жақында Словения және Хорватия елдерінде өтетін халықаралық байқауда белді бишілер мен талғамы жоғары шетелдіктер назарына ұсынбақшы. Екі ұжым халықаралық жарысқа 2 айдан артық дайындалыпты.

Екатерина Кухаренко – «Туған жер» би ансамблінің бишісі:

-Барлығы бізден 8 жұп барады. Жалпы, 16 қыз-жігіт. Біз фестивальда «Әлқиса» аспаптық ансамблінің сүйемелдеуімен тек қана қазақтың халық билерін билейміз.

Заңғар Мүбәраков, «Әлқиса» фольклорлық ансамблінің мүшесі:

-Талаптар бойынша әр би коллективінің, әр елден келген өзінің артында жанды дауыспен фольклорлық ансамбл болу керек. 2 ай бұрын бізге хабарлады.Фиджи деді, Аргентина, Коста-Рика, Словения, одан басқа тағы бір-екі мемлекеттер бар. Бірінші Словенияға барамыз. Онда 1 апта боламыз. Содан соң, Хорватияға.

Жерлес өнерпаздар Словения және Хорватия елдеріне гастрольдік сапарымен маусым айының аяғында аттанбақшы. Олар шетелде қазақтың ұлттық «Қара жорға» биін де билемекші.

Кеш соңында көрермендер қос ұжымның әзірлеген қойылымдарына жоғары бағасын беріп, халықаралық байқауда сәтілік тіледі.

-Бәріне сәттілік тілеймін. Аман-есен елге оралсын.Осындай халқымызға өнерлерін көрсете берсін.

-Барлығы ұнады. Дем алдым. Алдағы конкурстарынан озып келсін.

Тоғжан Ақмағамбетова