МТРА жаңалықтары

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Сіздердің мамандықтарыңыз қиын. Жан-жақтылықты, білім мен үздіксіз ізденісті талап етеді.

Салтанатты жиналыста 20-ға жуық маманның еңбегі еленді. Бірқатары аймақ басшысының Құрмет грамотасы және алғыс хатын алса, енді біріне ақшалай сыйлық берілді.

Еңбегі еленгендердің қатарында Дана Ғизатова да бар. Қазақ тіліндегі материалдар мен эфирде көрсетілетін бағдарламалардың барлығы тап осы жанның сүзгісінен өтеді. Қазір оның алдыңғы ізбасарлары республикалық арналар мен сайттардың белді тілшілеріне айналған.

Дана Ғизатова – МТРА шеф-редакторы:

-15 жылдан бері муниципалдық арнада жұмыс істеп жатырмын. Біз негізінен мемлекеттік бағдарламаларды туралы материалдарды әзірлейміз. Бұл бағытымыздан таймай, алға қарай ұмтыла береміз.

Осы күні «Обозрение» бағдарламасынң жүргізушісі Ульяна Ашимова, тақырыптық бағдарламаның редакторы Ольга Попова да марапатталды. Орайы келіп тұрғанда өңір жетекшісі облыс жұртшылығына танымал журналист Өмір Есқалиді 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Өмір Шалабайұлы, еліміздің, облысымыздың журналистика саласының дамуына қосқан үлесіңіз ерекше. Қай салада болмасын еркін қалам тербеп, облысымыздың жетістіктерін респбликаға танытып жүрсіз.

Жаңалықтың жаршысы -Өмір Есқали байланыс және ақпарат саласындағы көп жылғы жемісті еңбегі үшін “Қазақстанның құрметті журналисті” атағын алды.

Өмір Есқали – “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі:

-Елбасымыз да журналистерге әрдайым көңіл аударады. Тілшілердің еңбегі тиісті дәрежеде бағаланады. Сол үшін алғыс айтамын.

Бұл күні тілшілерге ақпарат алуда қолқабыс болып жүрген баспасөз қызметінің өкілдері де марапатталды.

 

Берик Касен