МТРА жаңалықтары

Әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Жанат Жұмабаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:

-Ол бізге тіс дәрігеріне барып жүрмін деп айтты. Алайда ол онда 1,5 сағат қана болған екен. Біз мұны тексеріс барысында анықтадық.

Қайырбай Сейтмағамбет әдеп жөніндегі кеңестің отырысына келмеді. Кеңес мүшелерінің шешімімен ол лауазымынан босатылады.
Ал, Айыртау ауданының ветеринария бөлiмiнің басшысы -Болат Жүсiпов заңсыз ауданның ветеринарлық станциясы директоры лауазымына тәжірибесі аз, біліктілігі жоқ маманды конкурс өткізбей қабылдаған.

Болат Жүсiпов – Айыртау ауданының ветеринария бөлiмiнің басшысы:

-Конкурс өткізуге аудан бюджетінде қаражат болмады. Қазіргі таңда біз оны жұмыстан босаттық.

Кеңес мүшелерінің шешімі бойынша Болат Жүсiпов қызметіне толық сай емес деп танылды. Және ол тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ, Петропавл қаласының мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы да жұмысқа заңсыз орналасыпты. Кеңес мешелері Алма Банныхты лауазымынан босатып, Петропавл қаласының мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнің жетекшісі Әлия Бейсеноваға қатаң сөгіс берді.

Берік Қасен