Спорт

Теріскейде велоспорттан республикалық көпкүндік бастау алды

Владимир Парахин – велосипед спорты бойынша ОРБЖСМ директоры, жарыстың бас төрешісі:

-Республикалық көпкүндікке 90-нан аса шабандоз қатыспақ. Олар бүгін 70 шақырым жолды бағындырады. Сайыстың келесі күндері жастар жекелей және командалық есеп бойынша өнер көрсетеді. Біз мұндай додалар арқылы мықты спортшыларды анықтап, ел құрамасының қатарына қосамыз.

Міне, жарыстың салтанатты ашылу сәтіне де кезек келді. Спортшылар қаз-қатар сап түзеп тұр. Олардың қатарында Алматы облысының өкілі Тенгиз Ермұханбетовте бар. 3 жыл бойы велоспортпен айналысатын жасөспірім сайыста жақсы нәтиже көрсетсем дейді.

Тенгиз Ермұханбетов – жарысқа қатысушы, Алматы облысы:

-Бұл мен қатысып отырған екінші республикалық жарыс. Осы сында жақсы нәтиже көрсетем деп ойлаймын.

Теріскейде олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуровтың жүлдесіне арналған велоспорттан көпкүндік өткізу дәстүрге айналған. Биылғы жарыстың ашылу салтанатына жерлесіміздің әкесі қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Николай Винокуров – Александр Винокуровтың әкесі:

-Ұлымның құрметіне осындай жарыс ұйымдастырып жатқандығына қуаныштымын. Сайысқа қатысушылардың қатары көп екен. Олардан болашақ чемпиондар шығатындығына сенімдімін. Шабандоздарға тек сәттілік тілеймін.

Кейін барлық велоспортшылар орталық алаңда бір жерге топтасып іргедегі Бәйтерек ауылына қарай жүрді. Бұл жерден жарыстың алқашқы күні басталмақ. Әзірге сайыс қатысушылары соңғы дайындықтан өтіп, сөре сызығана жақындауда. Олардың қатарында 18 теріскейлік жас бар. Солардың бірі – Тимур Бекет.

Тимур Бекет – жарысқа қатысушы, СҚО:

-Біз жарысқа екі ай бойы дайындалдық. Сайыста бақ сынайтын қарсыластарымның барлығы мықты.

Көп кешікпей додада басталып кетті.

Міне, көзді ашып жұмғанша шабандоздар 5 шақырым жолды артта қалдырды. Олардың жылдамдықтары шамамен сағатына 45-50 шақырым. Әзірге 1 номердегі спортшы алда келеді. Сонымен сайыстың бірінші күнгі нәтижесі бойынша жерлесіміз – Никита Кабачок жеңімпаз атанды. Байрақты бәсеке теріскейде 5 күнге жалғасады. Дода жүлдегерлері Технодом сауда үйінің бағалы сыйлықтарымен марапатталмақ.

 

Култанов Байболат