МТРА жаңалықтары

Жыл басынан теріскейде 8 адам суға кеттен

Облыстық төтенше жағдайларлар департаменті мамандарының рейді дәл осы кенттегі Василий Демиденко көшесінен басталды. Олар мұнда орналасқан әрбір үйге кіріп қызыл жалынның тұтану жолдары жазылған жаднама қағаздарды таратуда.

Әбіл Искаков – Ойқала ауданында 30 жылдан бері тұрады. Осы уақыт аралығында ол үйіндегі пешке бірнеше рет жөндеу жасап, ішін күл-қоқыстан тазартыпты. “Өрт – тілсіз жау! Сондықтан сақтық шараларын басты назарда ұстау қажет дейді” – азамат.

Әбіл Искаков – Ойқала ауданының тұрғыны:


–  Пешті жылда тазалаймын. Үйге жылыту маусымы кезінде жөндеу жасаймыз.

Жалпы, Петропавпавлда жыл басынан 166 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 7 жерлесімізді күйік шалыпты. Қызыл жалынның кесірінен келген шығын 20 миллион теңгеден асады. Статистикаға сүйенсек тілсіз жау көбінесе жеке секторда жиі тұтанады.

Әзімхан Мерғасымов – Петропавл қалалық ТЖБ инженері:

– Жеке тұрғын үйлерде көп жағдайларда электр сымдары дұрыс тартылмайды. Сондай-ақ, адамдар жылыту маусымына дайындық кезінде пештерді күл-қоқыстан тазартпайды. Сол себепті баспанада өрт оқиғасы орын алады. Тілсіз жау болмасы үшін облыс орталығының тұрғындары сақтық шараларын күшейткен жөн.

Облыста суға батып көз жұмған жерлестеріміздің де қатары азаймай тұр.

– Адамның өміріне судың да қауіпі мол. Олай дейтініміз жыл басынан теріскейде 8 адам суға кеткен. Өкінішке қарай оның 3-еуі бала. Оқыс оқиға болмауы үшін төтенше жағдай қызметкерлері қаламыздағы жағажайларға барып, сақтық шараларын тұрғындарға ескертуде.

Өңірімізде суда шомылу маусымы ресми түрде ашылған жоқ. Дегенменде күннің ыстығында қалалық жағажайда демалушы тұрғындардың қатары көп. Оларға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары судаға қауіпсіздік ережелері жазылған жаднамалар таратуда.

Қазір қалалық жағажайда құтқарушылар күшейтілген жұмыс тәртібіне қызмет атқаруда. Олар таңғы 10-нан кешкі сағат 9-ға дейін тұрғындардың қауіпсіздігін басты назарда ұстайды.

Виктор Держанский – “СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы” ММ жетекшісінің орынбасары:

–  Біздің мамандар күнде Есіл өзені мен Пестрое көлінде кезекшілік жұмыс атқарады. Олар адамдардың белгіленбеген жерге суға түспеулерін қадағалайды. Биыл шомылу маусымына жақсылап дайындалдық. Жағажайларда бекеттер орнатылған. Былтыр осы уақытта 14 адам суға кетен болатын.

Теріскейде суға шомылу маусымы ресми түрде шілде айының басында ашылады.

Култанов Байболат