МТРА жаңалықтары

Қаланы абаттандыру шаралары жалғасуда

 

Мұнда су бұрқақ орнатылып, гүлзар пайда болады. Әдемі архитектуралық композициялар орын тебеді.

Қайролла Ғалеев- Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:

 

– Заманауи жарық шамдары орнатылады. Тағы ағаштар егіліп, олар әдемі қалыпқа келтіріледі. Адамдар дем алу үшін орындықтар қойылады. Жалпы бұл жер кішігірім саябақ болады. Сәндік ағаштар мен гүлдер отырғызылады. Көше бойында 3 компания жұмыс істеп жатыр.

Тағы Парк көшесінен бастап театр алаңына дейінгі 15 мың шаршы метр жердегі кеспе тастар жаңаларына алмастырылады. Ол жұмыстарға 83 млн теңге қаржы бөлінген. Петропавлдықтар қаланың бұлай өзгеретіндігіне қуанышты. Абаттандыру шараларының жүргізілуі керек-ақ дейді олар.

– Жақсы болар еді. Фонтан салынса. Балаларымызбен келіп, демалар едік. Қала көркейеді.

– Кішкентай балалар бар ғой, керек. Өз балам Алматыда жылына бір келгенде қуанып кетеді.

– Мен қалаға жиі келіп тұрамын. Әр келген сайын өзгеріп тұрады. Шаһарымыздың көркейгені дұрыс.

Барлық жұмыстар шілде айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Магжан Ахмадина