МТРА жаңалықтары

Облыстық сот қызметкерлері БАҚ өкілдерін мерекемен құттықтады

Қазіргі таңда елімізде бейбітшілік пен келісімді нығайтуда БАҚ-тың алар орны ерекше.

Бақыт Қасейінов – облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы:

– ҚР жоғарғы сотының төрағасы БАҚ өкілдеріне ерекше көңіл бөледі. Облыс судьялары да жергілікті тілшілермен әріптес.

Кейін облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Бақыт Қасейінов БАҚ өкілдеріне бағалы сыйлықтар табыстады. Марапатталғандардың қатарында “Солтүстік Қазақстан” облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Жарасбай Сүлейменов те бар. Бүгінде бұл баспа өңірдегі барлық соттармен әріптес.

Жарасбай Сүлейменов – “Солтүстік Қазақстан” облыстық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы:


–  Өңірімздегі қазақ баспасөзінің қара шаңырағы “Солтүстік Қазақстан” газеті. Біз облыстық сотпен жақсы қарым-қатынастамыз.

Сондай-ақ, қошеметке бөленгендердің қатарында муниципалдық телеарнаның шеф-редакторы Халия Жулдаспаева да бар.

 

 

Риат Шони