Құқық қорғау органдары

Облыста «Отбасындағы зорлыққа-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы өтуде

Екі күн ішінде олар ішкі істер органдарында есепте тұрған 30 үйді аралап шықты. Отбасыда үнемі жанжал шығаратындардың бірі 49 жастағы ер азамат. Ол өз анасына қол көтеріпті. Зардап шегуші дереу тәртіп сақшыларына шағымданған. Дәл осындай оқиға мына отбасыда да болды. Мұнда немересі әжесін соққыға жыққан. Осы әрекеті үшін полицейлер оны 10 тәулікке қамауға алды. Жалпы акция барысында тәртіп сақшылары қорғау туралы 9 ұйғарым жазып, 4 жанжалқойды қамаған.

Жандос Исатаев – Петропавл қаласы ІІБ бірінші полиция бөлімшесінің аға учаскелік инспекторы:


–  Акция аясында учаскелік инспекторлар есепте тұрған отбасылардың үйін аралап, профилактикалық жұмыстар жасайды. Отбасыда зорлық-зомбылық болмауы керек.


 

Риат Шони