Ауыл шаруашылығы

Еліміздің ауыл шаруашылығы министрі халық алдында есеп берді

Көрсеткіштердің артуына үлес қосқандардың арасында Алматы, Шығыс және Оңтүстік Қазақстандықтардан бөлек теріскейліктер де бар. Өңіріміз салаға салынған инвестиция көлімі бойынша да көш бастап тұр. Кейін залға жиылғандар министрге өз сауалдарын жолдады. Аграрийлерді толғандырған мәселелер өте көп. Кейбірі жылыжайлық бизнесті дамытуға қолдау болады ма десе, енді біреулері ауыл шаруалығына бөлінетін субсидия көлемін сұрады.

Асқар Мырзахметов- ҚР ауыл шаруашылығы минстрі:

– Ақша бар. Субсидия бөлінеді. Бірақ оның барлығы қазір қарастырылып жатыр.

Селекторлық режимде ұйымдастырылған шараға еліміздің әр өңірінен қосылған шаруалар өз сауалдарын жолдады. Тайынша ауданындағы «Вишневское» ЖШС директоры – Павел Рафальский бордақылау алаңдарына бөлінетін субсидия көлемін қайта қарастыру керек дейді.

Павел Рафальский- «Вишневское» ЖШС директоры, Тайынша ауданы:

– Біз мал бордақылаумен айналысамыз. Сондықтан мен 3000 мың бастан кем мал басын ұстайтын шаруашылықтарға субсидия бөлу мәселесін қарастыруды сұраймын.

Асқар Мырзахметов- ҚР ауыл шаруашылығы минстрі:

– Қазір біз бұл бағытта арнайы топ құрдық. Олар осы мәселені қарастырып шешетін болады. Сондықтан бір шешім шыққанға дейін күтуге тура келеді.

Диқандар мұндай кездесулердің өткізілуі өте пайдалы деп санайды. Өйткені өз базынаңды тікелей министрге жеткізуге мүмкіндік бар.

Небиюла Сағандықов- «Хуландой» ЖШС директоры, Мамлют ауданы:

– Жиынға шақырғанда міндетті түрде келетіндігімді айттым. Еліміздің барлық аймақтарынан жиылған аграрийлер сауалдарын жолдады. Өзімді мазалап жүрген талай сұрақтароға жауап алдым.

Өткен жылғы күрделі ауа-райы жағдайларына қарамастан, еліміздің жер емген шаруалары 18,7 млн. тонна астық жинады, бұл 2014 жылғы деңгейден 1,5 млн. тоннаға көп. Министр бұл көрсеткіштерді еселей түсуді тапсырды. Оған биыл толық мүмкіндіктер бар.

 

Магжан Ахмадина