Спорт

Жергілікті велоспортшылар халықаралық жарыста командалық есеп бойынша топ жарды

Корея Турында бақ сынаған жігіттер командалық есеп бойынша жеңімпаз атанды. Көпкүндіктің 8-інші кезеңінен кейін Александр ШушемОин 5-інші сатыға, одан кейінгі орынға тағы да бір жерлесіміз Жандос Бижігітов табан тіреді. Ал, додада күміс және қола медаль еншілеген Евгений ГИдич жекелей сында 8-інші орынды иеленіп, сайыстың “Ең үздік жас велошабандозы” аталымын жеңіп алды.

Тағы да бір сүйінші хабар! Жуырда Талдықорған қаласында еркектер арасында таулы аймақта велосипедпен жарысудан ел біріншілігіде аяқталды. Бұл додада теріскейлік жазғы олимпиада ойындарына қатысатын спортшы Артем Захаров чемпион атанды. Жалпы, құрамалық есепте СҚО командысы сайыс жеңімпаздары атанды.

Култанов Байболат