Қылмыс

Петропавлда мектеп оқушылары есірткіге қарсы акцияға қатысуда

Тәртіп сақшыларының қатысумен өткен спорттық шара – есірткінің өскелең жастар арасында таралуына жол бермеуге бағытталған.

Диана Смагулова – Петропавл қалалық ІІБ аға жедел уәкілі:

 

– Жиынға қаланың мектеп оқушыларын көптеп тартуға тырыстық.

Салауатты өмір салтын қалыптастыруға үндейтін сайысқа шаһардың 20-дан аса балалар мен жасөспірімдер клубының мүшелері қатысты. Жазғы демалыс уақытын зая кетірмеуді жөн санаған оқушылар аулалық үйірмелерге белсенді қатысып, уақыттарын тиімді өткізуде.

Аружан Серханқызы:

– Біз жазғы демалысымызды тиімді өткізудеміз.

Өңір полицейлері есірткімен күресті күшейтуді мықтап қолға алған. Жуырда “Көкнәр” жедел-профилактикалық шарасы кезінде тәртіп сақшылары, Петропавл қаласының 2 тұрғынын қолға түсіріпті. Қос күдіктіден тәркіленген 2 грамм героин, ондаған жеткіншекті есірткіге тәуелді етуі мүмкін еді.

Данияр Найкин – Петропавл қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің бастығы:

 

– Қос күдіктіден 2 грамм героин тәркіленді.

Жыл басынан бері облыстың тәртіп сақшылары 100 келідей есірткі затын тәркілеген.

Бақыт Сәдуақасов