Қоғам

Әскери қызметкерлер арасында “Мемлекеттік тіл- менің тілім” атты аймақтық байқауы өтті

Ол қазақ тілін жақсы меңгерген. Қазақстан туған отаным болғандықтан, мемлекеттік тілге деген құрметім ерекше дейді ол.

Отбасында жақындарымен орыс тілінде сөйлесетін Артем мемлекеттік тілді негізінен қызмет барысында қолданады екен. Айтуынша әріптестері және қатардағы жауынгерлермен қазақ тілінде араласады. Бос уақытында қазақ ақын-жазушыларының туындыларын оқуды да әдетке айналдырған. Артем байқауға үлкен дайындықпен келіпті.

Артем Горохов – 6636 әскери бөлімінің 5 атқыштар ротасының командирі, Астана қаласы:

– Бірінші – сәлемдесу. Одан кейін Мұқағали Мақатаевтың “Үш бақытым” дайындап келдім. Сонан соң, Мемлекеттік нышандарға байланысты дайындаған баяндамамды оқимын.

Үш кезеңнен тұратын сайыста Астана, Қарағанды, Теміртау, Қостанай және Петропавлдағы әскери бөлімдерде қызмет етіп жүрген 9 өзге ұлт өкілі өзара бақ сынасты. Әрқайсысы мемлекеттік тілді жете меңгергендіктерін көрсетті.

Дидар Смайылова – ҚР ҰҰ “Орталық” өңірлік қолбасшылығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс басқармасының мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі аға офицері,Қарағанды қаласы:


–  Байқауға қатысушыларды бағалауға біз тәуелсіз әділ қазылар алқасын жинадық. Жоғары ұпай 5 ұпай болады.

Аймақтық сайыста топ жарған жеңімпаз қыркүйек айында Орал қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алады.

Тоғжан Ақмағамбетова