Құқық қорғау органдары

Заңсыз қару-жарақты сатып алу акциясы жалғасуда

Оның аясында солтүстікқазақстандықтар тіркелмеген 200-ден астам қару тапсырған. Соның әрбір төртіншісі петропавлдықтарға тиесілі екен. Еске сала кетейік, өз еркімен оқ-дәрі тапсырғандар қандайда бір жауапкершіліктен босатылады. Шараның өтіп жатқандығын естіген 37 жасар облыс орталығының тұрғыны полицияға келіп шолақ аңшылық мылтығын өткізбек. Сол үшін ол 44 мың теңге өтемақы алады.

Игорь Безрудный- Петропавл қаласының тұрғыны:

– Акцияның өткізілгендігі әрине жақсы екен. Заңсыз қару сақтаудың арты соқпақты. Қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Ал шара аясында қаруды өз еркіңмен тапсырсаң, онда керісінше сыйақы аласың. Сондықтан оны сақтап, кейін өкінгенше одан да қазір тапсырған артық.

 

Магжан Ахмадина