Спорт

“Қызылжар СҚ” ФК ОҚО “Мақтаарал” құрамасын 3:1 есебімен жеңді

Ал жергілікті құрама болса, допты әрлі- берлі домалатып, жанкүйерлердің ызасын келтірді. “Қызылжар” құрамасы оңтайлы сәттерді ұтымды пайлана алмай, 1-ші таймда сылбыр ойнады. Нәтижесінде қонақтар алаң иелерінің қақпасына бірінші голды дарытты.

– Жергілікті команда сылбыр ойнап жатыр. Алаң ортасында жартылай қорғаушылар жоқ. Бір-біріне дұрыс пас бермей жатыр.

– Негізі екі команданың ойыны жақсы. Біздікілер жеңіске жететініне сенімім мол.

2-таймда қызыл жейделі “Қызылжар” құрамасы жинақтала бастады. Екі жақ та да ойыншылар алмасып, тартыс қыза түсті.
Алаң иелері 1-ші таймдағы қателіктерін қайталамуға тырысты. Бір біріне дұрыс пас беріп, қорғанысты күшейтті. Көп күттірмей тиімді әдістер нәтижесін беріп, шабуылшы Сергей Гридин қонақтармен есепті теңестірді.

Айта кетейік, Сергей Гридин “Қызылжар” құрамасына жақында ғана қосылды. Спортшы осыған дейін “Орал” қаласының “Ақжайық” құрамасында ойнаған болатын. 2-ші таймның соңына таман алаң қожайындары тізгінді толығымен өз қолдарын алып, “Мақтарааралдың” қақпасына 2-ші голды Александр Соколенко соқты.

Артынша көп ұзамай қонақтар қақпасына 3-ші голды Сергей Гридин дарытты.

Сергей Гридин – “Қызылжар СҚ” ФК шабуылшысы:


– Мақтаарал командасының ойыншылары мықты. Оны мойындау керек. 1-ші таймда біз біраз қателіктерге жол бердік. Бірақ ойынның екінші жартысында тактикаларымызды өзгертіп, жеңісті қолдан бермеуге тырыстық.

3:1 есебімен “Қызылжар СҚ” құрамасы 23 ұпаймен турнирлік кестенің 2-ші орынан сақтап қалды. Қарасайдағы келесі ойын шілденің 2-сі өтеді. Онда жергілікті футболшылар Қызылорда қаласының “Қайсар” командасын қабылдайды.

Берік Қасен