Спорт

Петропавлда жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан облыс чемпионаты бастау алды

Әр құрама сапында 12 спортшыдан. Міне, додаданың бірінші кезеңі басталыпта кетті. Мұнда желаяқ қыздар жекелей сында 100 метрге жүгіріп, бақ сынасты. Тартысқа толы өткен сайыста жергілікті Алина Масловская қарсыластарынан оқ бойы озып шығып, жеңімпаз атанды. Бойжеткен берілген қашықтықты 14,11 секунта бағындырды.

Алина Масловская – жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:


–  Аптасына 3 мезгіл жаттығу жасап, өзімді сайысқа мықтап әзірледім. Жүгіруде қарсыластарымнан бірінші келдім. Енді финалдық сында бақ сынаймын.

Биылғы жеңіл атлетикадан чемпионат Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық меройтойына арналған. Оған өңіріміздің 100-ден аса спортшысы қатысуда. Олар түрлі қашықтыққа жүгіреді және ұзындыққа секіріп, найза мен ядро лақтырады. Жарыста үздік шыққандар облыс құрамасына алынады.

Руслан Сәрсенбаев – БЖСМ жұмысы жөніндегі оқу-әдістемелік орталық директорының орынбасары:

– Жарыста үздік атанғандар облыс құрамасының намысын қорғайды. Олар ел біріншілігі мен халықаралық додаларға қатысады.

Петропавлда жеңіл атлетикадан облыс чемпионаты 2 күнге жалғасады. Біріншілікте жеңімпаз атанған құрама мен жекелей сында үздік нәтиже көрсеткен спортшылар медаль, кубоктармен марапатталады.

 

Култанов Байболат