Петропавлда “Қызыл-Жар СҚ” құрамасының жеңісіне орай “футбол пати” өтті

Спорт

2:15 20 Маусым 2016

Бұдан соң петропавлдық жастар спортшылармен бірге би алаңына шығып, «Қызыл-Жар СҚ» құрамасының оңтүстікқазақстандық «Махтаарал» командасын шаң қаптырған жеңісін тойлауға кірісті. «Плазма» түнгі клубы бүгінгі күнді дәл осы жігіттерге арнап, тақырыпты «футбол мерекесі» деп атап та қойған.

Әділ Серғалиев – «Қызыл-Жар СҚ» клубының жартылай қоғаушысы:

– Көңіл-күйіміз өте тамаша. «Плазмаға» адамдар көптеп жиналып жатыр. Рахмет. Бізге назарларын аударып, ықыластарын білдіруде. Бұл жерде футболистер өз жанкүйерлерімен еш кедергісіз еркін түрде қатынаса алады. Тіпті, бүгінгі жеңісімізді бірге тойлап жатырмыз.

Сергей Гридин – «Қызыл-Жар СҚ» клубының шабуылшысы:


–  «Қызыл-Жар СҚ» командасына өзім жақында ғана келдім. Жаңа орта өзіме ұнады. Жанкүйерлер де тамаша қолдау көрсетеді. Бүгін міне жергілікті жастармен ашық алаңада жүздесіп, таныстық. Әрбіреуіне көңіл бөлуге тырысып жатырмыз. Ұйымдастырушыларға рахмет. Бұл біз үшін серпіліс болды. Енді алдыңғы ойындарда сіздерге тек жеңіс сыйлауға тырысамыз.

Кейін футболсүйер қауымға аталмыш мерекеге орай сыйлықтар ойнатылды.
Бірақ ұтыс шарты бойынша қатысушылар бірнеше сұраққа жауап берулері тиіс еді.

Жеңімпаздарға германиялық «GEMAX» дүкені мен «VIP Persona» сұлулық салондарына ақшалай сертификаттар табысталды.

Дархан Жолболды – ұтыс иегері:

– Плазмаға жиі келіп тұрамын. Ал мынадай кешке алғаш рет қатысудамын. Өзіме ұнайды. Ал бүгін тіпті сыйлық та ұтып алдым. Енді «GEMAX» дүкеніне барып, 25 мың теңгеге сауда жасаймын. Ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін. Ал футболистерге тек қана жеңіс тілеймін.

Ал «Қызылжар-СҚ» клубының мүшелері жанкүйерлері арасында жеке қолтаңбалары бар допты ойнатты. Бұл сыйлықты 175-ші номерлі купонның иесі, «Плазма» түнгі клубының келушісінің бірі ұтып алды.

Бұл күні спортсүйер жастар арасында жалпы сомасы 135 мың теңгенің сыйлығы ойнатылды.

Бірнеше сағаттан кейін тарқасқан жастар енді 26-шы маусымды асыға күтуде. Өйткені солтүстікқазақстандық футболистер теміртаулық “Шахтер-Болат” құрамасымен алаңда жүздесетін болады.

–  Команда мүшелерінің кейбіреуімен жеке таныспын. Олардың ойындарына жиі барып тұрамын. Жігіттерге тек қана жеңіс тілеймін.


–  Біз өз командамызға сенеміз. Жігіттерді қолдау үшін олардың әр ойындарына қатысамыз. Енді келесі ойында теміртаулықтармен жүздеседі. Қарсыластарын жеңетіндеріне күмәнім жоқ.


Айгерим Ержанова