Қоғам

Петропавлда “Бала асырап алғысы келетіндерді қолдау” орталығы ашылды

Алайда бүгіндері ел бойынша жетім және ата-ана қамсқорлығынсыз қалған 8 мыңнан астам балғын бар. Біздің облыста олардың саны- 1500 құрайды.

Ғалия Ілиясова- СҚО білім басқармасының бөлім басшысы:

– Солардың 552-сі арнайы білім беру интернаттары мен жетімдер үйін паналап жүр. Қамқорлыққа – 777, тағы патронаттық тәрбиеге – 171 балғын алынған. Жыл басынан 17 бала асырап алынды. Оның 1-уі шетел асса, қалғандары қазақстандықтарға берілді. Бүгіндері 104 отбасы бала асырауға кезекте тұр.

Көбіне бала асырап алғысы келетіндер 3 жасқа дейінгі балғындарды қалайды екен. Ал одан ересектерді алуға көбінің жүрегі дауалаймайды дейді мамандар. Өйткені, отбасын бұл маңызды қадамға психологиялық тұрғындан ешкім дайындамайды. Міне, осы проблеманы шешу үшін Петропавлда республикалық «Ана үйі» қоғамдық қорының қолдауымен орталық ашылды. Онда бала асырап алғысы келетін отбасыларға тек құжат жинауға ғана емес, психологиялық тұрғыдан көмек көрсетілмек.

Ғалия Балтабаева, “Ана үйі” қоғамдық қорының Петропавл қаласы бойынша үйлестірушісі:

– Бала асырап алғысы келетіндердің қандай жағдайы бар? Олар неше жастағы баланы қалайды? Осындай психологиялық көмек жүргізеледі. Тек бала алғанға дейін ғана емес, одан кейін де бұл жұмыстар жалғасады.

Орталықтың көмегіне алғаш болып – Галина Драчук жүгініпті. Оның қызы Оксананың жұбайы-Владимирмен отасқандарына 13 жыл болыпты. Осы уақыт аралығында бала сүйуге зар болған жұп, талай емдеу мекемелерінің табалдырығын тоздырған. Алайда еш нәтижесіз. Енді олар бала асырап алуға ниет еткен.

Галина Драчук:


–  Қызым мен күйеу балам бұрыннан бала асырап алуды қалаған. Алайда олардың қандай процедурадан өту керектігі жөнінде хабары болмады. Сосын осында келіп, мамандардан кеңес алдық. Мұнда бізге қажетті құжаттар тізімі көрсетілді. Олар 2 жасқа дейінгі сәбиді қалайды. Бірақ мұндағылар бізге одан үлкен жастағыларды да алуға қорықпауға кеңес берді.  

Айта кету керек, аталмыш кабинет жұмыс күндері сағат 9-дан кешкі 6-ға дейін азаматтарға қызмет көрсетеді. Ол облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында орналасқан.

Магжан Ахмадина