Қоғам

Петропавлда биыл алимент бойынша қарыз мөлшері 84 млн теңгені құрады

Бұл үйде тұратын Антон Попов 2010 жылдан бері баласына алимент төлемеген. Қарызы 500 мың теңгеден асады.

Борышкер үйінде болмай шықты. Келесі үйде ата-аналық құқығынан айырылған келіншек Валентина Сафина тұрады. Оның 4 бірдей баласы жетімдер үйінде. Көкек ана перзенттеріне бір тиын бермек түгілі, артынан іздеп бармапты да. Көршілерінің айтуына қарағанда әйел жуырда бесінші баласын босанады. Мүгедек әкесі қызының қайда жүргенін білмейді. Сот орындаушылары Петропавлда мұндай жауапсыз әке мен ана жетерлік дейді.

Ольга Васильева, СҚО әділет департаменті алименттік төлемдерді өндіріп алу жөніндегі бөлімінің жетекшісі:

 

– Жыл басынан әділет департаментінің алименттік төлемдерді өндіріп алу жөніндегі бөліміне Петропавл қаласы бойынша 3 мың 165 іс келіп түсті. Бүгінде оның тек 63-і толық орындалды. Сондай-ақ, қалада 365 проблемалық құжат бар. Тоқсан сайын борыштарды өндіру мақсатында, осындай рейд шарасын жүргіземіз.

Петропавлдық азаматтардың жыл басынан алимент бойынша жалпы қарызы 84 млн теңге. Бүгінге дейін оның небары 25 млн теңгесі өндіріліп алынған.

Акбопе Танирберген