Спорт

Өңірде журналистердің облыстық спартакиадасы өтті

Ерлан Тоқшылық – “Қазақстан журналистер одағы” СҚОФ төрағасы.

– Бұл дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін спартакиада. Уақыт өткен сайын қатысушылардың саны артып келеді.

Ең алдымен, журналистер шағын-футболдан мықтыны анықтады. Мұнда муниципалдық телеарна құрамасы өзінің алғашқы қарсыласы облыстық ішкі саясат басқармасын 2-1 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама үшін таласта бірінші солтүстік арнасына дәл сондай есеппен есе жіберіп алды. Деседе, үшінші орын үшін кездесуде “Қазтелерадио” АҚ СҚФ-ың қақпасына үш бірдей жауапсыз гол соғып, қола медальді еншіледі.

Денис Сивков – МТРА командасының капитаны.

– Қарсыластарымыз мықты болды. Біз де осалдық танытқан жоқпыз. Бір аптаның ішінде бәсекелестік танытанын құрама жасақтап үлгердік. Дегенмен, тәжірибе жетіңкіремеді. Дайындықта бола қойған жоқ. Жасыл алаңға бір-екі рет қана шыққанбыз. Үшінші орын да біз үшін қуанышты.

Сонымен қатар, спартакиадада қазақтың ұлттық ойыны тоғыз құмалақтан да бақталастық болды. Мұнда біздің арнаның намысын тілшілер Ақбөпе Тәңірберген мен Сағыныш Марқашева қорғады. Бірақ, қыздарымызға сәттілік жетіспеді ме, әлде төрешілердің әділдігі болмады ма екен? Төртінші орынды қанағат тұтты. Ал айымыз шахмат ойынында оңынан туды. Муниципалдық телеарнаның атынан бағын сынаған Байболат Құлтанов үш қарсыласын артта қалдырып, жүлделі үшінші орынды иеленді.

Байболат Құлтанов – МТРА командасының мүшесі.

-Жеңіліс тапқанымның себебі ойын тәжірибем аз, сонымен қатар қарсыластар мықты. Және де соңғы ойында сәттілік жетіспеді.

Тілшілер қауымы екі күн бойы араларында мықтыны анықтап, нәтиже шығатын уақытты тағатсыздана күтіп тұр. Сонымен спартакиаданың қорытындысы бойынша үздік үштікті меншікті тілшілер құрамасы тұйықтады. Күміс жүлдені Аққайың ауданының “Районка спортивная” командасы еншіледі. Ал бірінші солтүстік алтыннан алқа тағынды.

Айдарбек Балғабеков – “24.kz” арнасының меншікті тілшісі.

– Жарыс жоғары деңгейде өтті. Өзіміз волейболға тыңғылықты дайындалдық. Соның жемісі міне бірінші орын.

Тілшілердің мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған облыстық спартакиадада муниципалдық телеарна он команданың ішінді жетінші орынға тұрақтады. Жарысқа қатысқан барлық құрамалар медаль, грамота және де бағалы сыйлықтармен марапатталды. Айта кету қажет, ойынға “Қызылжар су” ЖШС, “Шағала-Агро” ЖШС, АКС компаниясы, “Сбербанк” АҚ Елшілес Банкінің Петропавлдағы филиалы, “Нептун” аквапаркі демеушілік көрсетті.

 

 

Риат Шони.