Құқық қорғау органдары

Өңірде «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында 2,5 млн теңге өндіріліп алынды

Нәтижесінде, 200-ден астам шаһар тұрғынына әкімшілік айппұлын өтеу туралы ескерту жасалып, мойнында борышы бар 50 көлік жүргізушісі ұсталды. Осылайша, жергілікті полицейлер жалпы сомасы 1 миллион 400 мың теңге қарызды өндіріп алған.

Сергей Яговцев – Петропавл қаласының тұрғыны:


–  Жамбыл көшесі бойында тәртіп сақшылары тоқтатты. Төленбеген айыппұлым бар екен. Қолыма түбіртек берді, енді тез арада қарызымды өтеймін.

Мамандардың айтуынша, құқық бұзушылық жасаған әрбір адам өзінің жауапкершілікке тартылатынын естен шығармауы тиіс. Өйткені, айыппұлдарын төлеуден жалтарып жүргендер үнемі полицейлердің назарында болады.

Жомарт Абылаев – Петропавл қалалық ІІБ ӘПБ бастығының орынбасары:

– Маусымның 15 мен 17 аралығында Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының бұйрығымен «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Басты мақсаты – төленбеген айыппұлдары бар азаматтармен жұмыс істеу.

Жалпы «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында солтүстікқазақстандықтардан 2,5 миллион теңге қарыз өндірілді.

 

Айгерим Ержанова