Облыс орталығында “Дін және БАҚ” тақырыбында семинар өтті

Қоғам

14:20 17 Маусым 2016

Радикалдық ұйымның жетегінде кеткен террористер бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлерді аяусыз атып, біраз адамға зардабын тигізді. Бұл оқиға туралы күні-түні БАҚ-ры хабар таратып, елді тыныштандыруға біраз үлес қосты. Алайда, халыққа ақпарат жеткізу кезінде біраз олқылықтар болды дейді жиынға қатысқандар. Профессор Зарқын Тайшыбай терроризм, дін тақырыбындағы материалдарды осы саладан хабары мол адамдар жазғаны дұрыс дейді.

Зарқын Тайшыбай, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры:


– Тауық сойса да,қасапшы сойсын дегендей, дін, терроризм тақырыбындағы материалдарды білікті маман жазғаны дұрыс. Тағы айтарым мұғалімдер мен молдалар мектепте дінтану сабағын бермеу керек. Ол үшін арнайы мамандар даярлау қажет.

Семинарда саясаттанушылар мен заң өкілдері біраз мағлұмат берді. Антитеррорлық операция кезінде хабарды дұрыс тарату жолдарын көрсетті.

Сергей Могунов – “Конфессияаралық қарым-қатынасты зерттеу орталығы” КММ сараптама және әлеуметтік зерттеу бөлімінің басшысы:

– Дін тақырыбы елімізде өзекті күйінде қалып отыр. Қазақстан -көпұлтты және көпконфесиялы ел. Сондықтан, халыққа хабар тарату кезінде күмәнді мәліметтерді сүзгіден өткізіп, ішкі тұрақтылықты сақтауға басымдық беру керек. Елде террорлық жағдайдың қызыл деңгейі болған жағдайда тілшілердің жауапкершілігі екі еселене түседі.

Қоғамда дүрбелең туғызатын материалдар мен хабарларды қарапайым тұрғындар да таратпауы тиіс. Соңғы кезде әлеуметтік желіні пайдаланып, арам пиғылды адамдар өзге азаматтарға бейресми, жалған ақпаратты таратуға әуестік танытуда. Семинарға қатысушылар бұған да шектеу қойып, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту керек деген ұсыныстарын айтты.

Берік Қасен