Білім

Петропавлда тағы бір балабақша ашылмақ

Николай Кошиков, “Петрострой Люкс” ЖШС директоры:

-Инженерлік желілер тартылып, барлығы сыналды. Жүйені іске қосуға 6 шілдеге дейін уақытымыз бар. Бұл іс мерзімінде орындалады. Енді қалғаны – ішкі жұмыстар, абаттандыру мен жасылдандыру.

Аталған балабақша “Нұрлы жол” мемелекеттік бағдарламасы бойынша тұрғызылуда. Жоба құны – 713 млн теңге. Құрылыс алаңында еңбектенушілердің саны 150-ге жуық.

Мердігер Николай Кошиков облыс әкіміне құрылыс барысы жайлы баяндауда. Өңір жетекшісі бұл ретте жұмыс қарқынын арттыру керектігін ескертіп, қосымша жұмыскерлер алу жайын да ұсынды.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі:

-Тағы 15 адамды ішкі тазалау жұмыстарына алу керек. Тездеткен дұрыс.

Бригадада 10-ға жуық әрлеуші бар. Оның бірі – Валентина Раскатова. Нәзіжанды “менің жұмысыма ауа райы кедергісін келтірмейді. Сондықтан, жоспарды уақытылы орындаймын” дейді.

Валентина Раскатова, “Петрострой Люкс” ЖШС әрлеушісі:

-Құрылыс материалдары сапалы, айлық жалақымыз да уақытылы беріледі. Барлығы жақсы. Біз тек балақайлар үшін барлығының әдемі болуына тырысып жатырмыз.

“Петрострой Люкс” серіктестігі тағы бір балабақшаны Айыртау-Рижская көшелерінің қылысында тұрғызуда. Өңір жетекшісі құрылыс басындағыларға барлық күш-жігерді салып, нысанды жаздың соңына дейін тапсыру керектігін айтты. Мектепке дейінгі тәрбие беретін бұл мекеме 200 балақайға шақталған.

 

 

Акбопе Танирберген