Құқық қорғау органдары

Өңірдің тәртіп сақшылары облыстағы бірқатар аудандарда көшпелі жедел кеңестер өткізіп, 5 айда атқарылған жұмысты қорытындылады

Бүгінде жергілікті атқарушы билік тәртіп сақшыларына үлкен қолдау көрсетуде. Мәселен, Мамлют ауданында полиция ғимаратын жөндеуге аудан әкімі Ерболат Бекшенов қаражат бөлмек. Айта кету қажет, қазіргі таңда Мамлютка қаласында 24 бейне бақылау камералары орнатылған. Ол қылмыстардың бетін ашуда үлкен септігін тигізуде.

Берік Біләлов – СҚО ІІД бастығы:

-2011-ші жылдан бастап бізде жасалған қылмыстардың барлығы электронды түрде тіркеліп отырады. Бұл ретте жұмыста қарқынды бәсеңдетпеу қажет. Себебі, көрсеткіштердің барлығын тек біздің ішкі істер органы ғана емес, сондай-ақ, республикада прокуратура да қарап отырады.

Айта кету қажет, бүгінде тәртіп сақшыларының қылмыстарды ашу көрсеткіші 2 пайызға жақсарып отыр.

 

 

Риат Шони