МТРА жаңалықтары

Петропавл халықаралық әуежайы жаңғыртылып жатыр

Александр Луценко – «К-DorStroу» АҚ жоба жетекшісі, Астана қаласы:

-Продолжается работы по стороне здания ближе линейных дорог. Значит по зимним осталось 60 метров. Плюс еще 110 надо сделать!

Сонымен қатар осы жылы халықаралық әуежайдағы тұрғындарды қабылдайтын негізгі ғимаратта да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Құны 1 миллиард 134 миллион теңгенің жұмыстарын “ЭнергоТехноСервис” серіктестігі атқаратын болады. Осы жерде өңір жетекшісі Ерік Сұлтанов, жауапты компания жетекшілеріне нысанды жаңғыртып, халық игілігіне мерзімінде тапсыруды міндеттеді.

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

-Сіздер әр күнді тиімді пайдаланыңыздар, бірінші кезекте әуежай ғимаратының шатырын, витражын, ішкі жөндеу жұмыстары мен аумақты абаттандыруды бір мезгілде қатар жүргізіңіздер. Инженерлік желілердің сапасына баса мән беру қажет. Осы шаруаның барлығын 2 айдың ішінде аяқтап, нысан қыркүйектің 1-де дайын болсын.

Қазір мекемедегі жөндеу жұмыстарына байланысты әуежайға ұшақтың барлық түрлеріне ұшып-қонуға шектеу қойылған. Құрылысқа жауапты серіктестік, алдағы аптаның дүйсенбісінде қажетті құрылыс-материалдарын әкеліп, нысанды жөндеуге кірісуді жоспарлап отыр.

Асхат Мақышев – “ЭнергоТехноСервис” ЖШС атқарушы директорының орынбасары:

-Алда біз халықаралық әуежайға жаңадан қондырғылар әкеліп, орната бастаймыз. Әуежайды кесте бойынша тапсыру үшін жұмыс күші жеткілікті. Қажет болған жағдайда қосымша мердігер компанияларды тартуға мүмкіншілік бар.

Жалпы қос бірдей маңызды учаскідегі жаңғырту жұмыстарын жыл соңына таман аяқтау көзделген. Ал, әуежай ұшақтарды шілде айынан қабылдай бастайды.

 

 

Бакыт Садуакасов