Құқық қорғау органдары

Өзіне қол жұмсамақ болған қызды тәртіп сақшылары құтқарып қалды

Жедел басқарма орталығының кезекшісі, қаладан шыға берісте қыздың өзін көпірден тастап жібергелі тұрғанын хабарлаған. Тәртіп сақшылары бірден көрсетілген жерге жеткенде, құтқарушылар да оқиға орнында болған. Бірақ, азаматша төмен түсуден бас тартыпты. Полиция сержанты Руслан Акматов шапшаңдық танытып, жоғарыға өрмелеп шыққан.

Бірақ, қыз оны маңына жуытпапты. Қарсылық көрсеткеніне қарамастан нәзікжандыны өзімен бірге төмен алып түскен. Кейін анықталғандай 26 жастағы қыздың бұл әрекетке баруына отбасындағы келеңсіздікдер себеп болған екен.

Руслан Акматов, Петропавл қалалық ЖПҚ Жол-патрульдық полиция батальонының инспекторы:

-Әрине. Қауіпсіз болды деп айта алмаймын. Қыз маңына жақындасам, секіріп кететінін айтып айқайлады. Өзенге дейінгі жалпы биіктік 40 метр болатын. Бірақ, қуанышқа орай, барлығы жақсылықпен тынды. Төменде күтіп тұрған әріптестерім де көмектесті.

 

Акбопе Танирберген