Қоғам

Өңірдің әлеуметтік дамуының жартыжылдық қорытындысы

Ал 2 мың 329 адам дүниеден озған екен. Отау құрғандардың саны – 884. Ажырасқандар саны – 626. Халық санының табиғи өсімі 205 адамды құрайды, ал былтырғы жылдың сәкес мерзімінде бұл көрсеткіш 425 болған. Орташа күнкөріс деңгейі 2015 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда биыл мамырда 4-8 пайызға өсіп, 19 мың 202 теңгеге жетті.

Оның 11 мың 500 теңгеден астамы тағам алуға жұмсалған екен. Осы уақытқа дейін азық-түліктің бағасы 3,5 пайызға, азық-түліктік емес тауарлар 3-4 және ақылы қызметтердің құны 2-3 пайызға өсіп, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс-жидектің бағасы сәл төмендеген. Сонымен қатар, баспананы жөндеу мен білім саласының қызметтері, денсаулық сақтау мен көлік қызметтерінің құны өскен.

 

Риат Шони