Құқық қорғау органдары

Вокзал маңынан табылған пакеттің ішінен оқулықтар шықты

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер бұл жердегі қоғзалысқа шектеу қойып, кейін ешқандай да қауіп тудыратын нәрсенің жоқтығына көз жеткізген. Арада көп уақыт өтпестен сапаржай жанындағы қозғалыс қалыпқа келтіріліпті.

Нұрбек Баекин, СҚО ІІД жетекші маманы:

-Пакет студент немесе оқушыныкі болуы мүмкін. Ішінде жазылған дәптер мен кітап болды. Иесі әлі табылған жоқ. Қала тұрғындарына айтарымыз өздеріне тиесілі заттарды абайсыздық танытып ұмыт қалдырмаса екен. Себебі, ол көшедегілерге күдік тудырып, ыңғайсыздыққа алып келуі мүмкін. Болмаса ұры-қарыға ілігіп, жоғалып кетуі де ғажап емес.

 

Акбопе Танирберген