МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Менің сүйікті қалам” марафоны аяқталды

Ал, жеңімпазды анықтау үшін жиылған қалдық кірге салынып өлшеніп, нәтижесі қағазға жазылып отырды. БҮгін барлық үш кезең бойынша қорытынды жарияланып, 249 кг қалдықты қабына толтырған Евгений Громов екінші орын алып, Пестрое демалыс айлағына демалуға жолдама алды. Ал, табиғатты 205 кг керексіз заттан тазартқан Ерлік Мұхамеджанов қала мейманхалалырның біріне кешкі асқа сертификат жеңіп алды. Бұлардан едәуір жоғары нәтиже көрсеткен Руслан Асаубаев болса үйіне экологиялық таза көлік мініп қайтты.

Руслан Асаубаев, «Менің сүйікті қалам» экологиялық марафонының жеңімпазы:

-Қатысып, жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын. 21 мамырдан бері барлық үш кезеңге де ат салыстым. 311 кг қалдық жинаппын. Велосипед жеңіп алдым, қаланың тазалығына да ат салыстым.

 

Акбопе Танирберген