МТРА жаңалықтары

Петропавлда 3 миллиард 810 миллион теңгенің дүние-мүлкі заңдастырылды

Дарья Полищук – қала тұрғыны:

-Өз басым мүлікті жария ету акциясын бүгін бірінші рет мамандардан естіп отырмын. Енді монша мен қосымша қора-қопсының құрылысын аяқтағасын, қалалық әкімдікке құжаттарымызды өткіземіз. Жыл аяғына дейін үлгереміз деп ойлаймын.

Акцияның аяқталуына аз уақыт қалғандықтан қалалық әкімдік өкілдері, бүгін Жұмысшы кентіндегі бірнеше көшелерді аралады. Олар баспана иелеріне мүлікті жария ету тетіктерін түсіндіріп, тұрғын үй иелеріне парақшалар таратты. Жерлестеріміз өз дүние-мүлкін ресімдеу үшін Петропавл қалалық әкімдігінде құрылған мүлікті заңдастыру коммисиясына жүгіне алады.

Қанат Барқытов – Петропавл қалалық мүлікті заңдастыру комиссиясының хатшысы:

-Мүлікті жария ет үшін тұрғындар қалалық әкімдікке – өтінішпен қоса жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін, сарапшы қорытындысы мен жылжымайтын мүлік обьектісінің техникалық төлқұжатын тапсыруы тиіс.

Айту керек, тұрғындардан келіп түскен өтінішті комиссия мүшелері 30 күн ішінде қарап, оған сәйкес тиісті шешім шығарады.

 

Бакыт Садуакасов