Мәдениет

Облыстық қуыршақ театры 26-ыншы маусымды қорытындылады

Олар 1 маусымда 300-ге жуық қойылымды тамашалапты. Қазіргі күні аталмыш театрда 11 актер қызмет етеді. Әртістердің репертуарларында балаларға арналған 40-тан аса қызықты спектакль бар. Өнер ұжымы келесі жылы қонақтарды жаңа бағдарламалармен қуантуды жоспарлап отыр.

Наталья Гузеева – Облыстық қуыршақ театрының әртісі:

-Келесі маусымда театр сахнасында ел Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған қойылым сахналанбақ. Қазір бұл спектаклге қызу дайындалып жатырмыз. Сондай-ақ, тағы бір қойылымды ресейлік режиссёрмен бірге әзірлейміз. Жаңа жылдада кішкентай балдырғандарды жаңа бағдарламамен қуантамыз.

 

Култанов Байболат