Қоғам

Теріскейліктер террорлық оқиғада қаза тапқан жерлестерінің туған-туыстарына көңіл білдірді

Теріскейлік ағайын бейбіт халықтың тыныштығын қашырған залым күшке қарсы ұйымшылдығызды арттыра түсу керек дейді. Жергілікті қоғамдық ұйым жетекшілері енді мұндай жан түршігерлік оқиғаның қайталанбауын тілеп отыр және көптің қайғысына кінәлілер жазасыз қалмайтынына сенеді.

Сағындық Салмұрзин – Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығының СҚОФ жетекшісі:

– Біз бір тұтас елміз. Отанымыздың қай шетінде болсын тек тыныштық болса екен дейміз. Бүлікшілерді Отан қорғаушылармыз дер кезінде ауыздықтап үлгерді. МҰндай жағдай енді қайталанбаса екен деп тілейміз.

Евгений Кинцель – СҚО қоғамдық келісім кеңесінің хатшысы:


– Мен ғана емес, жалпы еліміздің барлық азаматтары лаңкестердің ісіне үреймен, қорқынышпен қарауда. Олардың бұл әрекетіне не түрткі болғаны да белгісіз. Қара жамылған отбасыларға қайғыра көңіл айтамын. Бұл – біздің ортақ қайғымыз. Бірақ, енді біз тыныштығымыздан айырған террористерге қарсы тұруымыз керек. Бірлігімізді бұзбау қажет.

 

Айгерим Ержанова