Құқық қорғау органдары

Өңірдің тәртіп сақшылары Ақтөбеде зардар шеккендерге көмек ретінде қан тапсыруда

Таң атысымен Петропавлдағы қан орталығына полицейлер игі іс жасауға көптеп жиналды. Шараға қатысуға бірінші болып облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің мамандары келді. Өйткені, террористердің алғашқы шабуылына олардың әріптестері, яғни жол-патрульдік полиция қызметкерлері тойтарыс беріп, бірнешеуі жарақат алған. Сондай-ақ, бүгін облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, аудандық бөлімдердің қызметкерлері де келіп қан тапсыруда. Бұдан бөлек, солтүстікқазақстандық полицейлер лаңкестер қолынан қаза тапқандардың отбасыларына көмек ретінде ақшалай қаражат жинауды да қолға алды.

Мадияр Харипов – СҚО ІІД жергілікті полиция қызметінің бөлімше бастығы:

 

– Біз Ақтөбедегі оқиғада жарақат алған әріптестерімізге денсаулық тілейміз. Тез арада қатарға оралса екен деген ниеттеміз.

Риат Шони